RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс артты

29.09.2025, 13:07 367

Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс жыл санап нығайып келеді.

Екі ел сауда-экономикалық әріптестіктен бөлек, мәдени-гуманитарлық салада да серіктестікті тереңдетіп отыр. Мәселен, елімізде Италияның белді университеттерінің филиалын ашу жайлы келісімдер бар.

Қазақ-итальян байланысы. Апеннин түбегіндегі мемлекет бүгінде еліміздің сауда, әрі инвестициялық серіктестеріміздің бірі. Арадағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы 21 тамызда орнаған. 1,5 айдан кейін Қазақстанда Италия елшілігі ашылды. Содан бері қазақ басшысы Италияға 5 рет түрлі деңгейдегі сапармен барған. Соңғысы былтыр қаңтар айында болды. Сапар қорытындысы бойынша 11 маңызды құжатқа қол қойылды. Ал биыл наурызда Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен Астанада кездесіп, екіжақты әріптестік жайын талқылаған.

Мамырда Италья премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келген. Сол кездесуде Джорджа Мелони елімізді Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастыратындығын жеткізген. Сапар барысында стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған 8 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ Астанада Мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші «Италия – Орталық Азия» саммиті де ұйымдастырылған болатын.

Қазақстан мен Италияның мәдени-гуманитарлық байланысы да терең. Бүгінде қос елдің жоғары оқу орындары арасында 30-дан астам келісім бар. 2023 жылы Өскеменде Amanzholov University базасында Генуя университетінің филиалын ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан бөлек Алматыда Орталық Азия төңірегіндегі жалғыз Италия мәдениетінің институты ашылғандығын да айта кету керек.

Қазақстан мен Италия арасында жоғары деңгейдегі келіссөз жиі өтіп тұрады. Мәселен, Президент Серджо Маттарелла мен Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Астанада наурыз айында жолыққан еді. Енді міне, 29-30 қыркүйек күндері Италия Президенті елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайтын болады.

Авторы: Риат Шони

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz