Италиямен алыс беріс көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде Италия Қазақстан үшін Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші стратегиялық сауда серіктесіне айналған.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2024 жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд АҚШ долларына жуықтаған. Оның ішінде экспорт – 18,7 млрд, импорт – 1,3 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 24%-ға көп. Ал биыл қаңтар–шілде айларында арадағы сауда-саттық 10,1 млрд долларға жетті. Оның 9,4 млрд доллары қазақстандық экспорт. Импорт болса – 690 млн-ға жетті.
Қазақстан – Италия сауда қатынастары
2024 жыл
• Тауар айналымы: $20 млрд
• Экспорт: $18,7 млрд
• Импорт: $1,3 млрд
• Өсім - 24%
2025 ж. қаңтар–шілде
• Тауар айналымы: $10,1 млрд
• Экспорт: $9,4 млрд
• Импорт: $690 млн
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Италия #Қазақстан #саудаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz