RU
Толық нұсқаға өту

Минскіде ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтті

29.09.2025, 21:27 387

Еліміздің ТМД мемлекеттерімен жалпы тауар айналымы 37,3 млрд долларды құрады.

Бұл туралы Минскіде өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты. Жиында ғылыми-технологиялық саладағы ынтымақтастық пен экономиканың өзекті мәселелері сөз болды.

Айта кету керек, достастық елдерінің жалпы ішкі өнімдегі жиынтық көлемі жыл сайын орта есеппен 4,5%-ке өсіп отыр. Соңғы бес жыл ішінде ішкі сауда 40%-ке артқан. Сондай-ақ цифрлық трансформацияны арттыру және жасанды интеллектіні енгізудегі ынтымақтастыққа баса назар аударылып отыр. Осы тұста Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тілге тиек етті. Сонымен қатар айтулы жиында көлік-транзиттік әлеуетін жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы өзара байланыс та назардан тыс қалмады. Отырыс нәтижесінде бірқатар халықаралық құжатқа қол қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz