Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысы Жолт Неметпен кездесті.
Күзгі сессия аясында бірнеше екіжақты кездесулер өтті. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және елдегі саяси реформаларды жалғастыру мәселелері талқыланды. Еуропалық тарап Қазақстандағы өзгерістерге, соның ішінде Парламентті бір палаталы жүйеге көшіру бастамасына оң баға берді. Бұл қадам заң шығару үдерісін тиімдірек етіп, реформаларды жүйелендіреді деп есептейді.
Жолт Немет, ЕКПА-ның Қазақстан бойынша баяндамашысы:
- Қазақстан – еуропалық емес елдердің ішінде бізге ең жақыны болып отыр. Бұл Қазақстанның Еуропа институттарымен етене тығыз байланыста екенін көрсетеді. Бүгін Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстанға қатысты есепті қабылдауға дайын. Сенат төрағасының Страсбургке келіп, ұйым басшыларымен жүздескеніне қуаныштымыз. Бүгінгі келісім болашаққа арналған жол картасы деп білеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сенат #Мәулен ӘшімбаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz