Қазақстан Демократиялық реформаны тұрақты түрде ілгерілетеді. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан Еуропа кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының сессиясында осылай деді.
Өз сөзінде ол елде демократиялық өзгерістердің жалғасып жатқанын әрі бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақты саяси ұстанымы екенін айтты. Ал Еуропа кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысы Жолт Немет Қазақстанжа жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға берілді. Әсіресе адам құқықтарын қорғауға бағытталған жаңашыл бастамалар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әйелдерді және әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау жөніндегі шаралар ерекше атап өтілді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Демократиялық реформа уақыт пен табандылықты қажет ететін күрделі процесс. Баяндамада айтылған сын-қатерлерді біз жақсы түсінеміз. Дегенмен Қазақстан бұл жолдан таймайды. Біз алдымызға нық мақсат қойдық және сол бағытта тұрақты түрде ілгерілейміз. Бұл Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айқын саяси бағыты. Ел дамуының негізгі басымдықтары да нақты айқындалды. Олар ең алдымен заң үстемдігін орнықтыру, адам құқығын қорғау және баршаға тең мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құру. Біз Еуропа кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының әділ ұстанымын құптаймыз әрі Қазақстандағы өзгерістерді қолдауға дайын екеніне зор мән береміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Мәулен Әшімбаев #ЕКПАPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz