RU
Толық нұсқаға өту

Президент «Digital bridge» форумына қатысты

02.10.2025, 13:07 302

Жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдаланып, оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыру керек. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, осылай деді.

Мемлекет басшысы алдағы міндет ауқымды екенін атап өтті. Қазір жаһан жұртшылығы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Озық технологияның жоғары қарқынмен дамуы саясатқа, экономикаға және миллиардтаған адам өміріне тікелей әсер етіп жатыр. «Сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің дамуына соңғы жылдары дүние жүзі бойынша бір триллион доллардан артық инвестиция салынған» - деді Президент. Бұл көрсеткіш таяу онжылдықта жеті триллион долларға дейін жетуі мүмкін. Мұндай оң нәтижеге аталған технологияны жауапкершілікпен пайдаланған кезде қол жеткізуге болатынын айтты.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz