RU
Толық нұсқаға өту

Цифрландыру ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізеді

02.10.2025, 13:13 486

Президент цифрландыру ұлтымыздың менталитетіне оң әсерін тигізетінін айтты. «Мен Жолдауда цифрлық мемлекет құру Қазақстанның келешегін айқындайтын стратегиялық таңдау екенін айттым.

Үш жылдың ішінде цифрлық басқару форматына толық өту міндеті қойылды. Бұл мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді», - деді Мемлекет басшысы. Осы мақсатта елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа ведомство цифрландырудың және тұрмыстың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізудің басты локомотивіне айналуға тиіс. Бұған дейін Президентке «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің ЖИ технологиясымен жұмыс істейтін виртуальді мүшесінің қызметі көрсетілген еді. Бұл – ұлттық супер-компьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz