RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы форум атауын өзгертуді ұсынды

02.10.2025, 13:20 477

Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» форум атауын «АІ Bridge» деп өзгертуді ұсынды.

Қазір әлем жұртшылығының алдында жасанды интеллектінің болашағына қатысты түрлі таңдау тұр. «Оның кейбірі шексіз мүмкіндіктерге жол ашады», - деді Мемлекет басшысы. Түрлі сын-қатерлерге алып келуі де ықтимал екенін айтты. Сондықтан жаһан жұртын күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуге шақырды. Халықаралық форумның атауы өзгерсе де, мақсат һәм мүддесі өзгеріссіз қалады. «Бірегей алаң технология саласындағы алпауыттар мен түрлі стартаптар, бизнес пен ғылым, мемлекет пен азаматтар арасындағы дәнекер болып қала береді» - деді ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz