Әлем AI халықаралық орталығында Telegram әлеуметтік желісінің зертханасы ашылады.
Ол жасанды интеллект және блок-чейн технологиясын дамытумен айналыспақ. Бұл туралы орталықтың ашылу салтанатында телеграм мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашуға қолайлы жағдай жасалған. «Астанадағы суперкомпьютер жаңа технологияның қуат көзіне айналатыны сөзсіз», - деді Павел Дуров. Жалпы Digital Bridge форумы аясында бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #форум
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz