Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды талқылады. Жоғары палата спикері мәртебелі мейманның сапары ауқымды бағдарламаға негізделгенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Мажарстан қарым-қатынасына тың серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ кейінгі жылдары екіжақты қатынастар айтарлықтай дамып, стратегиялық серіктестік нығайғанын жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар парламентаралық диалогтың маңызына тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ Digital Bridge 2025 форумында көтерілген цифрландыру, жасанды интеллект және білім саласындағы әріптестік мүмкіндіктері сөз болды. Өз кезегінде Тамаш Шуйок Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, оны одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың былтыр Будапештке жасаған алғашқы мемлекеттік сапарын айрықша атап өткен жөн. Соның қорытындысы бойынша екі елдің стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және ортақ бастамаларды іске асыруға бейіл екенін көрсететін бірлескен мәлімдеме қабылданды. Одан бөлек сауда-экономикалық салада бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Сіздің сапарыңыз мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа тың серпін беріп, екіжақты қатынастардың күн тәртібін жаңа мазмұнмен байыта түседі деп сенеміз.
Тегтер #Мәулен Әшімбаев #Мажарстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz