Отырыста энергетика мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Осы ретте Қазақстан Энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибе кеңесін құруды ұсынды. Президент су тапшылығына да тоқталып, ортақ игілікті тиімді пайдалану үшін жаңа тәсілдер керегін айтты. Атап айтқанда, суару жүйесіне цифрлық бақылау орнату, тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану, су қоймаларының тиімділігін арттыру жөнінде бірлескен бағдарлама қабылдау ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша Габала декларациясына қол қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазір Каспий теңізі тартылып бара жатқанын білесіздер. Бұған бәріміз алаңдап отырмыз. Соңғы жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі аймақтың экологиясы мен экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл жаһандық ауқымдағы мәселе. Біз тамырлас және шекаралас елдер ретінде Каспий теңізінің ахуалын жақсартуға баса мән беруіміз керек. Мен түркі мемлекеттерін осы бағытта күш біріктіріп, бірлескен жобалар әзірлеуге, халықаралық бастамаларды қолдауға шақырамын.
Тегтер #Таңдаулы #ТМҰ саммиті #президент #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz