RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

08.10.2025, 14:09 360

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды 24KZ, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

✔️Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

✔️Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.
Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz