Трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізінің жағдайына баса назар аудару керек.
Осылай деген Президент Экология мәселелері жөніндегі Ресей және Орталық Азия елдерінің министрлер кеңесін бекітуді ұсынды. Бұл күрделі мәселені шешуге Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру ықпал етеді. Сондай-ақ жасанды жерсеріктерін пайдалана отырып ғарыштық мониторинг жүргізу үшін бірлескен бағдарлама әзірлеу ұсынылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы салада кешенді жұмыс жүргізіп жатқанына да мән берді. Жақында ғана Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Сонымен қатар ұлттық суперкомпьютер іске қосылды. Екінші суперкомпьютердің жұмысын жолға қою міндеті жүктелді. Біз осы салада тәжірибе алмасуға, өзара тағылымдамалар өткізуге, басқа да бірлескен жобаларға қатысуға дайынбыз, деді Президент.
Тегтер #Душанбе #Орталық Азия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz