RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді

14.10.2025, 14:20 443

Бүгін Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйлеген Президент осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүріп жатқанын атап өтіп, бұл өзгерістер тоқтап қалмауы тиіс екенін жеткізді. Президенттің сөзінше, мемлекетті жаңғырту ісі «Күшті Президент - ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сай жалғасады. Тағы бір палаталы Парламентке көшу халықаралық тәжірибеде кең тарағанын айтты. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай жүйе бар. «Сондықтан барлық ұсынысты жан-жақты зерттеп, саралаймыз», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz