RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан ЕҚЫҰ-да баяндама жасады

14.10.2025, 21:10 612

Қазақстанда биыл отбасы мәселелері бойынша кісі өлтіру оқиғалары 30 пайызға, ал ауыр дене жарақатын келтіру деректері 17 пайызға азайған.

Бұл мәліметтерді Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында өткен жиында айтты. Бұл конференция – Еуропадағы адам құқықтары саласындағы ауқымды ашық форумдардың бірі. Ластаев өз сөзінде Қазақстанда ерлер мен әйелдерге тең мүмкіндік беру жолында құқықтық және институционалдық негіздер жүйелі түрде нығайып жатқанын атап өтті. «Цифрлық отбасы картасы», дағдарыс орталықтары және отбасын қолдау орталықтары туралы сөз қозғалды.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Біз отбасылық-тұрмыстық сала бойынша ай сайынғы статистиканы мұқият талдап шықтық. Қазір кісі өлтіру саны өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеген. Отбасындағы ауыр дене жарақатын келтіру – 17 пайызға, ал орташа ауырлықтағы жарақаттар – 11 пайызға азайды. Бұл мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі.

Конференция аясында қазақстандық тарап арнайы сайд-ивент өткізіп, әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған жаңартылған шараларды таныстырды. Омбудсмендер елде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаның күшейгенін, мәжбүрлі некеге, адам ұрлау мен зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты жауапкершілік қатаң екенін жеткізді.

Николас Мазик, ЕҚЫҰ өкілі:

- Біз құқық қорғау органдары, омбудсмен кеңсесі, азаматтық қоғам өкілдері мен дағдарыс орталықтарындағы серіктестерімізге зор алғыс білдіреміз. Қазақстан соңғы уақытта біраз шараларды жүзеге асырды. Соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайтадан қылмыстық жауапкершілікке жатқызу туралы шешім қабылдады. Әр адам – әйел, ер тіпті балалар зорлық-зомбылықтан азат қоғамда өмір сүруге құқылы. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz