Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Бұл жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект SKAI қатысты. Ол қазақстандық Alem LLM тілдік моделі негізінде жасалған. Кеңесте қордың 9 айдағы жұмысы талқыланып, Президент тапсырмасымен іске асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар қаралды.
Айта кету керек, қазіргі таңда Жамбыл облысында жел энергиясына арналған зауыт ашылды, Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр стансасы іске қосылды, тағы Қосшы қаласына газ тартылып, «Достық–Мойынты» теміржолының екінші желісі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек отырыс барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыстарын күшейту жайы сөз болды. SKAI дерегінше, биыл қордың қазақстандық өндірушілерден сатып алуы 75%-ға өсіп, 721 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ кеңесте «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қор басшылығына инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтау және отандық үлесті арттыру тапсырылды.
Тегтер #нейрожелі #Олжас Бектенов #отырысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz