RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Әзербайжан – Қазақстан үшін бауырлас ел

21.10.2025, 15:05 319

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті. Жиында көлік, логистика, цифрландыру, отын-энергетика кешені саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Мемлекет басшысы мұндай формат екі ел қатынасының ерекше сипатын паш ететінін атап өтті. Сондай-ақ Әзербайжан елінің Қазақстан үшін ерекше, бауырлас мемлекет екенін, ұстанымдарымыз ұқсас екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің сапарыңыз екі ел арасында Стратегиялық серіктестік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толған сәтте өтіп жатыр. Мұның символдық мәні бар. Осы жылдар ішінде біз белсенді саяси диалогты жолға қойып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың үздіксіз дамуына берік шарттық-құқықтық негіз қаладық. Осынау жан-жақты, әрі дәйекті жұмысты екі ел азаматтары да қолдап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы декларацияның тарихи маңызы зор екеніне ерекше атап өтті. Одан бөлек, бауырлас халықтың жетістігіне шын жүректен қуанатынын, мықты әрі прогрессивті мемлекет құру жолындағы асқақ мұраттарының орындалуына тілектес екенін жеткізді. Ал Астана мен Баку байланысының әлеуеті орасан зор. Оны толық іске асыруға еш кедергі жоқ. Өз кезегінде Ильхам Әлиев те жылы пейілін жасырмады. 

Ильхам Әлиев, Әзербайжан президенті:

- Кешеден бері екіжақты ынтымақтастыққа қатысты көп мәселелерді талқыладық. Қозғалған мәселелерге қатысты көзқарастың толық сәйкес келетіні, сондай-ақ одақтастық қатынастарды нығайту ниетіміздің ортақ екені қуантады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz