Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады.
Мемлекет басшылары цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы жаңа жетістіктермен танысты. AI-Driven Government — мемлекеттік басқару мен талдау үдерістеріне жасанды интеллектіні енгізу тұжырымдамасын көрді. Бұл жүйе мемлекеттік шешім қабылдау сапасын арттырып, GovTech саласында тиімді шешімдер ұсынуға бағытталған. Сондай-ақ Smart City технологиялары, робототехника аймағы және «Самұрық-Қазына» қоры жүзеге асырып жатқан жасанды интеллект жобалары көрсетілді. Президенттер Astana Hub инновациялық кластерін де аралап көрді. Орталықта 1800-ден астам IT-компания мен стартап, оның ішінде шетелдің үлесі бар 460-тан аса компания тіркелген.
Тегтер #Таңдаулы #Тоқаев #жасанды интеллект #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz