RU
Толық нұсқаға өту

Президент Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

21.10.2025, 19:28 1133

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz