Жуырда ғана Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттары қабылдады. Осылайша алғаш рет «модель, жүйе, деректер кітапханасы, синтетикалық нәтиже» ұғымдары заң тұрғысынан бекітілді. Бұл құжат саладағы құқықтық реттеуді және ашықтық пен қауіпсіздікті қамтуды көздейді.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда жасанды интеллект технологияларын қолдану ерекшеліктері де айқындалды. Қазір аталмыш заңды Сенат депутаттары қарап жатыр. Мақұлданса құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жуырда қабылданған заң жобасы халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленген. Мұндағы басты міндет – қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғау. Қазір технология дамып жатыр. Жасанды интеллектіні енгізуде тепе-теңдікті айқындап, жауапкершілікті сезінуіміз керек. Салаға салғырт қарауға болмайды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Сенат #заң #ЖИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz