RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан - Ресей байланысы нығаяды

22.10.2025, 23:04 509

Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 28 млрд доллардан асып, жаңа рекордтық көрсеткішке жетті.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресейге жасаған алғашқы ресми сапары барысында айтты. Ведомство басшысы Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Өңіраралық және шекара маңы байланыстарын нығайту, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Айта кету керек, бүгін екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толып отыр. Тараптар дәл осы күні жүздесу ерекше символдық мәнге ие екенін атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz