RU
Толық нұсқаға өту

Сан-Францискода Қазақстанның көк байрағы желбіреді

27.10.2025, 20:00 367

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Республика күніне орай еліміздің көк байрағы желбіреді.

Кремний алқабындағы мұндай елеулі шараға Сан-Франциско мэрі Дэниел Лурьенің 25 қазанды Қазақ-американ достығы мен мәдени мұрасын дәріптеу күні деп жариялауы негіз болды. Осылайша шаһардың күнтізбесінен ерекше орын алған күні мыңдаған турист келіп суретке түсетін мэрия күмбезінде Қазақстанның Мемлекеттік туы көтеріліп, Әнұраны шырқалды. Ал түнгі уақытта тарихи нысан  көк пен сары түске боялды. Шараға еліміздің Бас консулдығы, диаспора өкілдері мен дипломатиялық корпус мамандары қатысып, қала басшылығымен ынтымақтастықты арттыра беруге уағдаласты. Ал мэрияның протокол басшысы құттықтау сөзінде қазақтың мақал-мәтелін тілге тиек етіп, көк байрағымыздың көркем бейнесіне таңдай қақты.

Пенни Колтер,  Сан-Франциско мэрінің протокол басшысы

- Қазақтың туы маған халық пен ел жайлы жазылған өлең секілді сезіледі. Мата емес, естеліктер мен идеялардан, болашаққа деген көзқарастан тоқылған өлең. Біз бүгін құрмет көрсетіп отырған елдің абыройы мен ар-намысы жайлы өлең. Тудың көк түсі  мыңдаған жылдар бойы қазақ халқы мекен еткен Ұлы дала аспанын бейнелейді. Осы бір атаулы күнде Қазақстанның өсіп өркендей беруін тілеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz