RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы: Финляндия Қазақстанның аса маңызды серіктесі

28.10.2025, 18:59 326

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты. Мемлекет басшысы Финляндияны Қазақстанның стратегиялық деңгейдегі аса маңызды серіктесі деп атады. Былтыр Хельсинкидің экономикамызға құйған тікелей инвестициясы 80 пайыздан асып, жарты миллиард долларға жуықтады. Бүгінде Қазақстанда фин тарапының қатысуымен 50-ге жуық компания табысты жұмыс істейді.

Жиында перспективті салалар да айтылды. Атап айтқанда көлік және логистика, энергетика мен минералдар саласының әлеуеті зор. Қазақстанда пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Олардың көбі әлі игерілмеген. Еліміз сирек кездесетін әрі Еуропалық Одақ экономикасы үшін аса маңызды саналатын 34 элементтің 21 түрін өндіреді. Осы ретте Финляндияның Metso компаниясы минералды шикізатты өңдеу және өндірісті автоматтандыру салаларында озық шешімдер ұсынып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz