RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ-қытай ынтымақтастығы артады

28.10.2025, 23:10 415

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытайдың сыртқы ведомство басшысы Ван Имен кездесті. Жүздесу барысында екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету бағыттары айқындалды.

Тараптар өзара іс-қимыл мен мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Әсіресе, сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне ерекше мән берілді. 

Кездесуде Ван И: «Қазақстан - сенімді серіктесіміз. Біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», - деп мәлімдеді. Өз кезегінде Ермек Көшербаев: «Биыл көшбасшыларымыздың өзара сапарлары мен оның аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», - деді. Сапар аясында министр Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығына барды. Жаңа мекеменің қазақ-қытай арасындағы гуманитарлық байланысты ілгерілету бағытындағы жұмысымен танысты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz