RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Грузия парламентаралық байланысын нығайтады

30.10.2025, 19:30 389

Бұл жайында Мәжіліс төрағасының Грузияға ресми сапары барысында айтылды.

Ерлан Қошанов Президент Михаил Кавелашвилимен, Премьер-министр Ираклий Кобахидземен және Парламент төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Келелі кездесуде инвестиция, туризм, өндіріс, агроөнеркәсіп және инновация салаларында ынтымақтастықты тереңдету жайы талқыланды. Депутаттар алдағы уақытта заң шығару бағытында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ комитеттер мен партиялық фракциялар байланысын нығайтуға  уағдаласты. Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Грузия Парламенті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz