RU
Толық нұсқаға өту

Президент Татарстан Республикасының Раисымен кездесті

31.10.2025, 19:15 581

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді серіктестігін нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. 

Әрі 12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен баратынын, бұл екі ел қарым-қатынасындағы айтулы кезең деп санайтынын айтты. Сонымен қатар Президент машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті. Рустам Минниханов Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бизнес, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz