RU
Толық нұсқаға өту

Елдің цифрлық жетістіктері таныстырылды

04.11.2025, 21:08 409

Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген әріптесі Александр Турчинмен бірге Astana Hub-қа барды. Беларусь елінің үкіметтік делегациясы Қазақстан цифрлық индустриясының дамуы, инновациялық стартаптар және GovTech шешімдерімен танысты.

Былтыр отандық IT-қызметтердің экспорты 20%-ға өсіп, 880 млн доллардан асты. Сондай-ақ еліміз жоғары білікті IT мамандарды даярлауға басымдық беріп, қазір 500 мыңға жуық азамат жасанды интеллект негіздерін оқып жатыр. Беларусь Премьер-министріне Цифрлық кеңсенің қызметі және Egov Mobile, Egov Business, Smart Data Ukimet, ЖИ-ге негізделген ұлттық платформа мен тағы да басқа технологиялық мүмкіндіктер таныстырылды. Қазақстан БҰҰ-ның онлайн қызметтер индексі бойынша әлемде 10-шы, ал ТМД-да көш бастап тұр. Ал жаһандық электронды үкіметті дамыту индексінде 24-ші орынға табан тіреді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz