Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны шамамен 17 миллиард долларды құрайтын 29 келісімге қол қойылды. Қазақстан мен АҚШ алдағы уақытта энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, жасанды интеллект, білім салаларын бірлесе дамытады.
Президент америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды. Тіпті оларға өзі қолдау көрсетінін жеткізді.
Айта кетейік, АҚШ - Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвестор. Кейінгі жылдары екі жақты тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард долларға жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын біздің ел қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ қазір Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания жұмыс істеп жатыр.
Тегтер #АҚШ #Қазақстан #серіктестікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz