RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуы шетелдік БАҚ назарында

10.11.2025, 21:05 392

Қазақстанның Ибрахим келісіміне қосылуы жөнінде The Washington Post басылымы көлемді мақала жариялады.

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар саяси сұраққа жауап беріп, бұл қадамды Қазақстанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен өзара диалогта қолдау саясатының жалғасы әрі шағын үлесі деп атады. Сондай-ақ бұл үдеріске қосылуы табиғи әрі қалыпты жағдай, деп жауап берді. Бұл пікір бірқатар шетелдік БАҚ назарына ілікті. Өйткені Қазақстан Трамптың ел тізгінін ұстаған екінші мерзімінде аталған келісімге қосылған алғашқы ел. Айта кетейік, «Ибрахим келісімі» - 2020 жылы АҚШ тың бастамасымен құрылған дипломатиялық бастама. Ол Израиль мен бірнеше араб елдері арасындағы бейбіт қатынастарды орнатуға бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz