RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы: «Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі»

12.11.2025, 20:12 533

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Президент Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті.

Мемлекет басшысы біздің ортақ тарихымыз бірліктің үлгісін танытатын сөздердің қай-қайсысынан да артық екеніне тоқталды.

- Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі, – деді Қазақстан Президенті.

Президент Владимир Путин:

- Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі. Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және теңқұқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz