RU
Толық нұсқаға өту
t.me/aqorda_resmi

Президент ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесімен танысты

14.11.2025, 14:37 543

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.

 

t.me/aqorda_resmi

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz