RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Ауыл шаруашылығының әлеуеті толық қолданылмай отыр

14.11.2025, 14:50 361

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен аса өсті. Бірақ одан да көп олжа алуға болар еді. Президент саланың әлеуеті толық қолданылмай отыр деп сынады. Себебі жайылым аумағы бойынша әлемде 6-шы, ал егіс алқабынан 8-ші орында тұрмыз. Демек қолдағы бар ресурсты ұқсата алу қажет.

Жалпы елдің негізгі көрсеткіштері тұрақты. Биыл 10 айда экономика 6,4% өсті. Еңбек өнімділігі 3 жылда 37%-тен артты. Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 32-ші орынға жайғасқан. «Бұл да тоқмейілсуге болмайтын меже», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір халықтың 37%-і, яғни 7,5 млн адам ауылда тұрады. Жыл басынан бері салаға тартылған инвестиция 20%-тен астам өсіп, 790 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,3 триллион теңгеден 8,3 триллион теңгеге дейін көбейді. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есе арттыру керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz