RU
Толық нұсқаға өту

ТМД ПАА-ның пленарлық отырысы өтті

14.11.2025, 21:10 362

Сенат Төрағасы бастаған депутаттар Душанбеде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты.

Сапар барысында делегация Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев мүше елдер Парламенттері Палаталарының басшыларымен екіжақты кездесу өткізді. Осы жылдар ішінде ұйым диалог, заңнамалық бастамаларды іске асыру және өзара сенімді нығайту алаңына айналғаны айтылды. Сенат спикері ТМД елдері Парламент Палаталарының басшыларына Қазақстанда демократиялық даму жолындағы парламенттік реформа туралы сөз етті. Түпкілікті шешім 2027 жылы өтетін жалпыұлттық референдумда қабылданатынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Біздің елдің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Біздің мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру». Тәуелсіз мемлекеттер достастығы халықтарымыздың болашағы үшін өзара сыйластықты, сенім мен ортақ жауапкершілікті сақтау институты ретінде қажет ұйым. Осы ретте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы бірлескен қызметіміз мемлекет басшылары айқындап берген негізгі басымдықтардың жарқын көрінісі екені анық. Сондай-ақ мұндай қадам дәстүрлі мәселеден бөлек, жасанды интеллектіні реттеу, цифрлық құқықтарды қорғау және басқа да көптеген өзекті жайтты қамтиды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz