RU
Толық нұсқаға өту

Президент ЖИ-ді дамытуға баса назар аударды

15.11.2025, 13:28 310

Ташкент сапарында Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне де айрықша назар аударды. Президент өз сөзінде цифрландыру және IT технологияларды дамыту арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ден қойылғанына тоқталды. 

Сонымен қатар елімізде Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, осы саладағы Зерттеу университетінің негізі қаланып жатқанын,  ұлттық суперкомпьютер іске қосылғанын атап өтті. Өзбекстан да бұл саланы дамытуға бет алғанын алға тартып, өзбек компанияларын тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан ары дамыту мәселесін де қозғады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz