Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы Қазақстанның бәсекелестік саласындағы заңнамасының екінші эксперттік шолуын өткізуді ұсынды. Жоба биыл Парижде маусым айында Бәсекелестік комитетінің төрағасы тарапынан бекітілді. Оған Греция, Коста-Рика және Молдова елдерінің бәсекелестік органдары бақылаушылар ретінде қатысты.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай заңнаманы жетілдіруге бағытталған реформаларға берік ұстаным көрсетіп отырғанын айтты. Соңғы жылдары еліміз бәсекелестік заңнамасына қатысты бірқатар түзетулер қабылдады. Бұл құқықтық базаны едәуір жақсартты.
Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:
- Бұл Агенттіктің қызметін одан әрі жетілдіруге және ЭЫДҰ ұсынымдарын бірізді орындауға деген ұмтылысын көрсетеді. Біздің басымдықтарымызға құқықтық базаны күшейту, институционалдық тәуелсіздікті арттыру, құқық қолдану сапасын жақсарту, талдау сапасын көтеру және кадрлық әлеуетті дамыту кіреді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz