RU
Толық нұсқаға өту

Сауалнама: азаматтар парламенттік реформаны қолдайды

18.11.2025, 12:40 363

Қазақстандықтар парламентке қатысты реформаны қолдайды. Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесінде халықтың басым бөлігі бір палаталы Парламентке көшу және заң шығару органын тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыруды құптайтынын көрсетті. Әсіресе ғылыми дәрежесі бар азаматтар мен жоғары білімді қатысушылар белсенділік танытқан.

Сондай-ақ ауыл халқының оң бағасы байқалды. «Демек реформа заң шығару процесінің сапасын арттыруға және билік құрылымын оңтайландыруға бағытталған қадам ретінде қабылданатынын көрсетеді», – дейді институт өкілдері. Әлеуметтік сауалнамаға 8 мыңнан аса респондент қатысты. Олардың 63%-і пропорционалды сайлау жүйесіне көшу бастамасына қолдау білдірген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz