RU
Толық нұсқаға өту

ШЫҰ-ға мүше елдермен алыс-беріс артты

18.11.2025, 21:10 443

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттермен өзара тауар айналымы 67 млрд долларға жетті.

Бұл былтырғы көрсеткіш. Олжас Бектенов Мәскеуде өтіп жатқан ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің 24-отырысында осындай дерек келтірді. Жиында көлік-транзиттік ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды. Үкімет басшысы өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тяньцзинь саммитінде жариялаған ұстанымына да тоқталды. Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның әділ халықаралық сауданы ілгерілетуге бағытталған нақты қадамдарын қолдағанын атап өтті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь саммитінде ШЫҰ-ның еркін және әділ халықаралық сауданы дамытуға бағытталған іс жүзіндегі қадамдарын қолдады. Бүгінгі таңда ШЫҰ елдері жаһандық ЖІӨ-нің үштен бірін қамтамасыз етіп отыр, біздің өзара ішкі саудамыз $1 трлн-ға жуық. Елеулі экономикалық әлеуетке ие ұйым тең серіктестік негізінде жан-жақты экономикалық өсуге ұмтылады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz