Еліміздің Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Түркияға барды. Ресми сапар аясында сол елдің Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлермен кездесіп, екіжақты әріптестіктің қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.
Айта кетейік, екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық салалардағы өзара іс-қимылдар, әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде жүзеге асып келеді. Қазақстан Қорғаныс министрі Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесті.
Сондай-ақ әскери нысандар мен оқу мекемелерін, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын аралады. Сапар барысында «Анытқабыр» мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл қойылды.
Тегтер #Қазақстан #Қорғаныс министрі #ТүркияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz