Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.
Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Бұл туралы ақпарат Ақорданың телеграм-парақшасында жарияланды.
Тегтер #Тоқаев #Түрікменстан #президент #мемлекеттік сапарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz