Еуропалық Одақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, әріптестіктің жаңа кезеңі басталғанын атап өтті.
Бұл туралы Брюссельде ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 22-отырысында айтылды. Кездесу екі жақты кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің қол қойылуына 10 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Комитетке Қазақстан тарапынан Парламент мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан, Еуропарламент тарапынан Орталық Азиямен байланыстар жөніндегі делегация жетекшісі Джузи Принчи төрағалық етті.Ол еліміздегі өзгерістерді оң бағалап, институционалдық реформаларды қолдауды жалғастыратынын жеткізді. Академиялық байланыстарды дамыту қажеттілігі атап өтілді. Су ресурстарын тиімді басқару, көліктік және экономикалық өзара байланысты кеңейту де талқыланды.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Су мәселесі елде бізде әсіресе Қазақстанда өте күрделі мәселе. Еуроодақта бұл тақырыпқа қатысты көптеген жаңа, тың дүниелер бар біз үйреніп алатын. Және бүгін де осы мәселе айтылды. Екінші мәселе жалпы біздің еліміздің осы соңғы уақытта АЭС айналасында жасалып жатқан әрекеттері.
Кристиан Вигенин, Еуропалық Парламент депутаты:
- Бізде екі жақты әрі бүкіл Орталық Азия аймағына ортақ бірқатар маңызды жобалар бар. Қазіргі таңда Еуроодақ өңірге бұрынғыдан да көп назар аударып, климат, экология, көлік және басқа да салалардағы бастамаларды қолдап келеді. Орта дәліз екі тарап үшін де аса қажет жобалардың және бірі.
Тегтер #Қазақстан #Еуроодақ #ынтымақтастық #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz