RU
Толық нұсқаға өту

Президент зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды

24.11.2025, 23:05 661

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Құжат зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленді. 

Мәселен, көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларды автордың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ көпшілік алдында орындап, таратуға мүмкіндік беру көзделген. Сонымен қатар тауар белгілерін тездетіп тіркеу және тауар белгісін тіркеуге қатысты шағымдану мерзімін ұлғайту бойынша өзгерістер бар.

Маңызды жаңалықтың бірі – авторлық және сабақтас құқық объектілерінің заңды қолданылуына мемлекеттік бақылау енгізу. Ол үшін авторлар мен құқық иелерінің шағымы бойынша әділет органдары жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ  ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа іске қосылмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz