RU
Толық нұсқаға өту

Депутат аудан әкімдерін сайлауға мораторий жариялауды ұсынды

26.11.2025, 22:52 365

Аудан әкімдерінің сайлауын тоқтата тұру керек. Мәжіліс мінберінде депутат Ерлан Саиров осылай деді. Себебі саяси науқанды өткізу қазынаға салмақ салатын көрінеді. Мәселен, биыл алты аудан мен бір қала әкімінің сайлауы өткен. Ал үгіт-насихат, ұйымдастыру жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Сондықтан мәжілісмен: «Аудан басшыларын мәслихат депуттатары сайлағаны дұрыс», - дейді. Әрі әкімдердің функциялық міндеттемелері мен мүмкіндіктерін қайта пысықтау қажеттігін айтты.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде аудан, қала әкімдерін пилоттық форматта сайлауға кірістік. 52 ауданның әкімі сайланды. Бірақ оның тиімділігі әлі де сараланбады. Олардың бәрі өз міндетін лайықты деңгейде атқарып отыр деп айта алмаймыз. Сайланған аудан әкімдерінің біразы бір жылға жетпей жұмысынан кеткен. Сондықтан асығыстық танытпай жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ең бастысы, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет, сайлау, өңірлерді дамыту туралы көптеген заңдарға қажетті нормаларды енгізгенше, аудан деңгейіндегі әкімдердің тікелей сайлауына саяси мораторий жариялаған жөн деп білеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz