Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бюджет-салық реформасын іске асыру үшін Парламент пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Сенат төрағасы осылай деп, бұған дейін айтылған парафискалдық төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол қазір Президент пәрменіне сәйкес, қазына қаржысын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мәулен Әшімбаев парафискалды төлемдер мәселесіне де тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Бүгінде Үкіметпен тығыз әрі белсенді жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді. Біздің ортақ міндетіміз Президент тапсырмаларындағы тиісті реформаларды тиімді жүргізу. Қабылданған жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, келер жылы Үкімет парафискалды төлемдерге ревизия жүргізуді бастайды. Енді бұл төлемдердің ашықтығы мен пайдаланылуын қарастыру қажет. Тиісті шаралар атқарылады. Алдағы уақытта қазына қаржысының тиімділігін одан әрі арттыратын боламыз.
Тегтер #бюджет #бақылау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz