RU
Толық нұсқаға өту

Е.Қошанов Австрия Парламентінің төменгі палатасы төрағасының орынбасарын қабылдады

27.11.2025, 19:49 317

Ерлан Қошанов Австрия Парламентінің төменгі палатасы төрағасының орынбасары Петер Хаубнерді қабылдады.

Кездесуде тараптар парламентаралық байланысты нығайту жолдарын талқылады. Мәртебелі мейманды қарсы алған Мәжіліс төрағасы Вена Астананың Еуропадағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Өз кезегінде Петер Хаубнер цифрландыру саласында ең озық жобаларды енгізу бойынша екі елдің тәжірибе алмасу мүмкіндіктері зор екенін айтты. Сонымен қатар аустриялық кәсіпкерлер Қазақстанмен ынтымақтастық аясын кеңейтуге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Ал депутаттар өз тарапынан бұған қолдау көрсетуге әзір. Бұдан бөлек тараптар салалық комитеттер мен аппараттар арасындағы ортақ жұмысты күшейту жөнінде пікір алмасты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz