RU
Толық нұсқаға өту

Ауылдар дотациядан арыла бастады

28.11.2025, 15:10 326

Ауыл әкімдерін сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді. Саяси ұйымдардың 1500-ден астам өкілі әкім болып сайланған.

Жаңа басшылардың қатарында алты партияның мүшелері бар. Сондай-ақ 700-ден астам азамат өзін-өзі ұсынып, сайлауда жеңіске жеткен. Президент ауыл басшыларымен өткен диалог-платформа барысында осылай деді. Әкімдер жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, шешімін таппай жатқан түйткілдерді жақсы біледі. Елді мекендердің дамуына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді игеріле бастаған. Кіріс көбейіп, дотацияға да тәуелділік азая бастаған. Жуырда жүргізілген сауалнамада тұрғындардың 84%-і әкімдеріне сенетіні анықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz