RU
Толық нұсқаға өту

Ауылдарды дамыту тұжырымдамасы іске асып жатыр

28.11.2025, 15:20 370

Еліміздің ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, қазір сәтті іске асып жатыр. Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Мемлекет басшысы осылай деп кезіндегі алғашқы жарлығына тоқталды.

Сондай-ақ жуырдағы Ауыл еңбеккерлерінің екінші форумында саладағы өзекті мәселелердің қаралғанын айтты. Ауыл-аймақтарды дамыту – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі. Бүгінде өңірлерде оң өзгерістер бар.

Соңғы жылдары ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 850-ден астам нысан салынды. 400-ге жуық жаңа мектеп бой көтеріп, 2 мыңдай білім ордасы сапалы интернетпен қамтылды. Шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Қазір ауылдардың әлеуеті артып, қомақты инвестициялар тартылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz