Мемлекет басшысы форумда ауыл әкімдерінің еркін пікір айтып, ұсыныстарын ортаға салуға шақырды, деп хабарлайды 24KZ Ақорданың ресми Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Мінберге көтерілген Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов ауыл әкімдері алаңсыз жұмыс істеуі үшін заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынды.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вагулино ауылдық округінің әкімі Ирина Шишкина шекара маңындағы ауылдарды дамыту, заңды тұлғалардан жиналатын салықтың бір бөлігін елді мекендерге беру мәселелерін көтерді.
Ал Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов елді мекен әкімдері өз міндеттеріне жатпайтын жұмысты атқаратынын жеткізді.
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін қозғады. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мұсағали мемлекетке қайтарылған жерлерді ауыл тұрғындарына бөлу процесі әділ әрі ашық жүргізілуі керек екеніне назар аударды.
Тегтер #СҚО #форум #Тоқаев #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz