Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының туристік әлеуеті қарқынды дамып жатыр. Инвесторлар тарапынан қызығушылық көбейді. Тұмса табиғатымен танылған өңірде инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән берілмек. Бұл туристердің жүріп-тұруына, аялдауына қолайлы болмақ.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының мұнайлы өлкесі саналатын Кеңқияқ ауылында соңғы екі жыл ішінде көшелердің 85 пайызы жөнделген. Алдағы екі жыл ішінде бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін елордада бас қосқан ауыл әкімдерінің форумында айтылды.
Қуанышбек Серікжанов, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі:
- Сайлауалды бағдарламамда негізгі көтерген мәселелердің бірі ауылішілік жолдардың жөндеу деңгейін 100 пайызға жеткізу. Алда тағы екі жыл бар. Қаражат мәселесі оң шешілсе, оны да шешеміз. Екінші мәселе - жарықтандыру. Ол да қазір жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр.
Ернұр Қалиқанов, ШҚО Қатонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің әкімі:
- Бізде туризм дамып келеді. Бұрын көшіп кеткен ескі тұрғындар қазір қайта келіп, жер алып жатыр. Сондай-ақ мықты кәсіпкерлер келіп, өз істерін бастап жатыр. Демалыс үйлерін ашып жатыр. Ары қарай ат туризмін дамыту жағынан қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz