“АҚШ Орталық Азиямен серіктестікте сөзден іске көшуі керек.
Ақ үйдегі C5+1 cаммиті прагиматикалық ынтымақтастыққа жол ашып берді”. Вашингтондағы Халықаралық салық және инвестиция ұйымының “Орталық Азиядағы державалар бәсекесі” атты жиынында сарапшылар осылай деп мәлімдеді. Дүниежүзілік банк, Каспий өңірін зерттеу орталығы, дипломаттар мен өңірді зерттеуші мамандар Американың бетбұрысын орынды деп бағалады. Ташкентте жалғасқан президенттер кездесуі C5-тен С6-ға ұлғайып, қатарына Әзербайжанды қосуын тиімді шешім деп мақұлданды. Басқосуда АҚШ-тың Қытай мен Ресей секілді алпауыт елдерден қалыс қалмас үшін қандай қадамдарға баруы керектігі сөз болды.
Эрик Руденшиольд, Каспий аймағын зерттеуші:
- Вашингтон логистика, сирек минералдар, энергетикадағы балама жолдарды жетілдіруге көңіл бөліп, Орталық Азия елдерімен мүдделес болуы керек. АҚШ бәсекеден жеңіліп қалғысы келмесе, дәл осы тұста темірді қызған шағында соғуы қажет. Орталық Азиямен жемісті серіктестік АҚШ-қа өте қажет. Ал американдық компанияларды осы жолда ынталандыру үшін инвестиция салудың оңтайлы жолдары мен жоспарларды тезірек пысықтау маңызды.
Тегтер #АҚШ #Орталық Азия #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz