RU
Толық нұсқаға өту

Ақмол мен Соргун бауырлас қала болуға ниетті

09.12.2025, 14:13 530

Астана іргесіндегі Ақмол қалашығы мен Түркияның Йозгат провинциясына қарасты Соргун қаласы арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.

Тараптар бауырлас болуға ниет білдірді. Осы мақсатта Түркияға арнайы барған Ақмол әкімдігінің өкілі Соргун қаласының мэрімен меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің тарихи негізі терең. Астана маңындағы ежелгі Бозоқ қаласынан шыққан тайпалар кезінде дәл осы Йозгат өңіріне қоныс аударған. 1927 жылға дейін провинцияның атауы да Бозоқ болған. Осы тарихи сабақтастық екі елдімекен арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға себеп болды. Меморандумға ресми мәртебе беру үшін құжаттар Қазақстан мен Түркияның Сыртқы істер министрліктеріне жолданды.

Мұстафа Еркут Екинжи, Соргун қаласының мэрі:

- Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты одан әрі тереңдету үшін осындай келісімге қол қойып жатырмыз. Біздің атажұртымыз Орта Азия, Қазақстан екенін бұрыннан білетін едік. Алайда кейінгі зерттеулер біздің ата-бабамыздың Астана маңындағы Бозоқ қалашығынан келгенін анықтады. Бұл біз үшін өте маңызды тарихи жаңалық болды.  

Айгүл Сүйінжанова, Ақмола қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Екі қаланың арасында достықты ынтымақты екі қала бір бірімізбен араласып жақсы үлкен шаралар мәдени тарихи шаралар өткізіп, осы Бозоқ қалашығына жиналып, жылда біз үлкен шаралар өткіземіз. Сол шаралардың бірі түрік бауырластармен, Соргунның әкімшілігімен біз шартқа отырып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz